{metadescription}
Ғашығының үш жасар ұлын қинап өлтірген қаскөйге үкім шықты – Қарағанды
Ғашығының үш жасар ұлын қинап өлтірген қаскөйге үкім шықты – Қарағанды

Ғашығының үш жасар ұлын қинап өлтірген қаскөйге үкім шықты – Қарағанды

Қарағандыда бұрынғы ғашығының үш жастағы ұлын қинап өлтірген қаскөйге үкім шықты. Игентай Сопыжановты алқа билер өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар  ол өзі өлтірген Максим Гарифуллиннің анасына 5 миллион теңге моральдық шығын төлеуі тиіс. Осыған дейін қылмысын мойындап отырған Сопыжанов үкімді естігенде, сөзінен танып шыға келді.

Игентай Сопыжанов үкімді естігенде, өзін қоярға жер таппады. Осыған дейін де сот процесінде өзіне қол жұмсамақ болған еді. Алайда ол үш жастағы баланы қинап өлтіргенін алқа билер мен соттың алдында ашық айтып берген. Баланы алдымен кеудесінен теуіп талдырған. Кейін буындырып өлтірген соң, үлкен тасты көтеріп, бүлдіршіннің басына тастап жіберіпті. Бұл сот-медициналық сараптама арқылы расталды. Осы жайттарды өзі тәптіштеп айтқан соң, алқа билер тағайындалар жазаны да ұзақ күттірмеді.

Бекзат Шалғынбаев судья: 

- Алқа билер оған өмір бойы бас бостандығын айыру жазасын кеңесе келіп берді деп ойлаймын. Өйткені оның сотта өзін-өзі өлтірмек болған әрекеті шегінерге жолы жоқтығын білдірді.

Алқа билердің шешіміне Сопыжановтың баланы пробациялық бақылауда жүріп өлтіргені де себеп болған. Өйткені ол бірінші қылмысты 17 жасында жасаған. Мектеп кезінен бала ғашығымен қосылауға қарсы болған Никаның нағашы әпкесін балталап өлтірген. Дегенмен ол кесілген 10 жыл мерзімнің жартысын өтеп, былтыр ғана бостандыққа шаққан.  Содан кейін сол Никаның баласын өлтіріп отыр.

Естеріңізге салсақ, қыркүйектің 5-і күні ол кішкентай ғана ұлды тапа-тал түсте нақсүйерінің қолынан тартып әкеткен. Үш күннен соң Максимнің денесі ауыл шетінде шөпке көмулі жатқан жерінен табылды. Ал соның алдында Ника Васильева туысын жер жастандырған қаскөймен қайта қосылып, үлкендердің айтқанына құлақ аспаған екен. Болары болған соң, етегі жасқа толған болып, сот процесіне үшінші күйеуімен келген Никаның сот шешіміне көңілі толады. Бірақ Игентай сотталған соң, әркіммен бір отасып жүрген өзін де кінәлі санайды.

Ника Васильева, марқұмның анасы:

- Біз ату жазасын сұрағанбыз. Кейін ойлансақ, ол жеңіл жаза сияқты көрінді. Енді өмір бойы түрмеде отырсын. Сондықтан моральдық шығын талап еттік. Өзімнен де кінә барын мойындаймын. Мен осылай жасамасам, бұл қылмыс  болмас па еді.     

Сот шешімімен Сопыжанов қаралы отбасына 5 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс. Одан бөлек, сот сараптамасына кеткен 500 мың теңге тағы бар. Дегенмен Сопыжанов аудандық сот шешіміне қатысты апелляциялық арыз беруге дайындалып жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде