{metadescription}
Павлодар облысына  – жаңа әкім.  Шымкентте неге әкім ауысты
Павлодар облысына  – жаңа әкім.  Шымкентте неге әкім ауысты

Павлодар облысына – жаңа әкім. Шымкентте неге әкім ауысты

Аты шықпағандар әкім болып жатыр! Істі болып бүкіл елді шулатқан Павлодар облысының басшысы Болат Бақауов қызметінен алынып, орнына жаңа әкім келді. Бірнеше күн иесіз қалған орынтаққа 46 жастағы Әбілқайыр Сқақов жайғасты.

Оны керекулік шенеуніктерге премьер-министр Асқар Мәмин таныстырды. Павлодардың тумасы еңбек жолын 95-ші жылы салықшы болып бастаған. 25 жыл ішінде екі облыстың салық саласын басқарып, Қорғаныс министрінің орынбасары да болды. Соңғы тоғыз айда Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметінде болған ол өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін ұсталып,  екі айға абақтыға қамалған Болат Бақауовтың орнына келді.

Бүгін Шымкентте де аяқасты әкім ауысты. Үшінші мегаполисті жарты жыл ғана басқарған Ерлан Айтахановтың орнына, оның орынбасары Мұрат Әйтенов тағайындалды. Ресейдің әскери институтын тәмәмдаған 39 жастағы азамат заң мен қаржы мамандығын да игеріп үлгерген екен. Негізінен Президент әкімшілігінде қызмет атқарған ол бір айдан сәл астам уақыт бұрын Айтахановтың орынбасары болып келген-ді. Ал, әкімдігінің алдынан көпбалалы аналар арылмаған Ерлан Айтаханов әзірге жұмыссыз. Жаңа басшыны таныстыруға келген Президент әкімшілігінің жетекшісі мегаполисті басқарған бұрынғы әкімдерге оң баға бермеді.

Ерлан Қошанов, ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі:

- Тұрғындарды жұмыспен қамтып, халықтың әл-ауқатын арттыруға жаппай кәсіпкерлікті белсенді атқару керек, осы Шымкент қаласында. Бүгінде Шымкент сияқты мегаполисте шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі әлі де төмен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде