{metadescription}
Дариға Назарбаева: Квазимемлекеттік компаниялардағы қайталанатын міндеттерді қысқарту қажет
Дариға Назарбаева: Квазимемлекеттік компаниялардағы қайталанатын міндеттерді қысқарту қажет

Дариға Назарбаева: Квазимемлекеттік компаниялардағы қайталанатын міндеттерді қысқарту қажет

Квазимемлекеттік компаниялардағы қайталанатын міндеттерді қысқарту қажет. Сенат спикері Дариға Назарбаева ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесуінде осындай ұсыныс айтты.

Біріншіден – бюджетке қосымша салмақ, екіншіден – кәсіпкерлерге қолбайлау. «Сондықтан  талдау жасап, шешім қабылдау қажет», - деді Сенат спикері. Ал мұндай сан-алуан кедергілер ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына кері әсер етіп жатыр екен. Мәселен, былтырғы 11 айда еліміздің тауар экспорты 4,7 пайызға төмендеген. Өңделген өнімдерді сату 4,1 пайызға азайыпты. Яғни ішкі нарыққа дайын өнімдерін сату отандық өндірушілерге тиімсіз. Бұған алыпсатарлардың өнімдерге 2-3 есе үстеме баға қосуы да бірден-бір себеп. «Бұл ретте сауда үстемесін, әсіресе бөлшек сауда бағасын реттеу саясаты болуы тиіс», - деді Дариға Назарбаева. Сондай-ақ, Жоғары палата спикері кәсіпкерлерге «бірыңғай терезе» қағидатының жұмыс істеуі керектігін атап өтті.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

- Халықты азық-түліктердің қымбаттап жатқаны алаңдатып отыр. Картоп, қарақұмық, күріштің құны шарықтап тұр. Неге? Біршама жұмыс атқарылуда, субсидия беріліп жатыр. Түрлі бағдарламалар, жол картасы бар. Бірақ жағдай бәз баяғы қалпында. Тамақ бағасының қымбаттауы аз қамтылған адамдарды қолдауға  жасалып жатқан жұмыстарға кері әсерін тигізеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде