{metadescription}
Аудармашы-гидтердің  тапшылығынан еліміз туристерден айырылып жатыр
Аудармашы-гидтердің  тапшылығынан еліміз туристерден айырылып жатыр

Аудармашы-гидтердің тапшылығынан еліміз туристерден айырылып жатыр

Қазақстанда кәсіби гидтер тапшы. Жаңа халықаралық әуе рейстерінің ашылуы да елдегі туризмнің дамуына еш пайдасын тигізбеген. Керісінше, қалтаны қағыпты. Туристік бизнес өкілдері мұны  гид-мамандардың жетіспеушілігімен  түсіндірмек болды.

Рысты Қарабаева, Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті:

- Мәселен, Нұр-Сұлтан мен Токио бағытындағы әуе рейсі ашылды. Жапондық жиһанкездерді қабылдауға мүмкіндігіміз бар, бірақ, тіл жағынан келгенде мәселе туындайды. Елімізде жапон тілін білетін 2-3 қана адам бар, алайда олардың қызметі өте қымбат. Күніне 250 доллар. Италия, испан, неміс тілдерінде сөйлейтін аудармашылар жоқ десе де болады.

Тіл білетін аудармашы-гидтердің санын көбейтіп, олқылықтың орнын тезірек толтырылмаса, Қазақстан туристерден біртіндеп айырылады.  Жиһанкездердің соңғы уақытта көрші Өзбекстанды көбірек таңдауы соның айқын көрінісі. Өйткені көрші елде қызмет көрсету деңгейі жоғары.

Елімізде жайлы туристік автобустар да жетіспейді. Осының бәрі отандық турзимге кері әсер етіп жатыр екен. Әйтпесе елорданың өзі жылына 2-3 миллион қонақты қабылдауға әзір. Былтыр Нұр-Сұлтанға 900 мыңдай турист келіпті. Олардың үштен бірі – шетелдіктер, қалғаны – елдің өзге аймақтарынан келген қонақтар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.