{metadescription}
Шымкентте жүгенсіз жүргізуші жол сақшысын үш шақырым сүйреп әкетті
Шымкентте жүгенсіз жүргізуші жол сақшысын үш шақырым сүйреп әкетті

Шымкентте жүгенсіз жүргізуші жол сақшысын үш шақырым сүйреп әкетті

Шымкентте жол сақшысы «капотқа жабысып, қала аралады». Ал гидтің рөлінде – есірткі шегіп алған жүргізуші.

Оқиға күндіз Рысқұлов пен Дулати көшелерінің қиылысында басталған. Екі көлік соқтығысып, апат болған жерге келген сақшылар жүргізушілердің құжатын тексермек болыпты. Осы кезде «Мицубиси галанттың» 31 жастағы жүргізушісі тәртіпке бағынбай, тізгінге отырып, алдында тұрған жол сақшысын қағып-соғып безе жөнелген. Ал инспектор көліктің капотына жата кетеді. Жүгенсіз жүргізуші жол сақшысын үш шақырымға дейін сүйреп кеткен. Алайда ол көп ұзамай ұсталды.

Қазір тізгінге мас күйінде отырған  жүргізушіге қатысты билік өкіліне күш көрсету бабы бойынша іс қозғалып, уақытша тергеу абақтысына қамалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.