{metadescription}
 Елімізде білім стандартына сай емес тағы екі ЖОО жабылуы мүмкін
 Елімізде білім стандартына сай емес тағы екі ЖОО жабылуы мүмкін

Елімізде білім стандартына сай емес тағы екі ЖОО жабылуы мүмкін

Елімізде тағы екі жоғары оқу орыны жабылуы мүмкін. Білім министрлігі Ақтаудағы Қазақстан теңіз университеті мен Алматыдағы Орталық Азия университетінің лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім шығарған. Бірақ бұған келіспеген оқу орындарының басшылары сотқа жүгініпті. Ал министрлік бұл университеттердегі жағдай білім беру стандартына сай келмейтінін мәлімдеді.

Гүлзат Көбенова, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің  төрайымы:

- Жоғары оқу орны студенттерді қабылдау барысында ҰБТ нәтижесі ескерілмеген немесе техникалық және кәсіптік ұйымдарын бітірген оқушылар емтихансыз қабылдаған. Лабораториялық базасына да сұрақтар болды. Сондықтан осындай шешім қабылданды.

Аталған университеттердегі студенттерді даярлайтын ұстаздар арасында ғылыми дәрежелі мамандар тым аз екен. «Соның кесірінен ертең шәкірттер еңбек нарығында сұранысқа ие болмай қалады», - дейді министрлік. Мұндай кемшіліктер былтыр анықталып, оны жоюға оқу орындарына уақыт беріліпті. Бірақ жағдай еш өзгеріссіз қалған көрінеді. Кемшілікті дер кезінде ретке келтірмеген оқу орындарының басшылары бүгін тілшілерге қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Тек сабақтың тоқтатылмағанын жеткізді. Ал жайсыз жаңалықты естіген студенттер бұл жағдайға алаңдап жүр. Өйткені көбі оқу ақысын төлеп үлгерген.Қалай болғанда да, қос білім ордасының тағдырын енді сот шешеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.