{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев биыл жасалуы тиіс жұмыстарды айқындап берді
Нұрсұлтан Назарбаев биыл жасалуы тиіс жұмыстарды айқындап берді

Нұрсұлтан Назарбаев биыл жасалуы тиіс жұмыстарды айқындап берді

Қауіпсіздік кеңесі құқық қорғау құрылымдарына реформа жасауды жалғастырмақ. Әсет Исекешевті қабылдаған Елбасы биыл жасалуы тиіс жұмыстарды айқындап берді.

Бүгінгі басқосуда қауіпсіздік мәселесі сөз болды. Нұрсұлтан Назарбаев шетелмен қарым-қатынас жайын да сөз етті. Айтып өтейік, Әсет Исекешев бір апта бұрын ғана Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған еді. Исекешев жаңа қызметінде Елбасының қабылдауына алғаш келіп отыр. Сол себепті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жаңа қызметкері мемлекеттік органның ұлттық қауіпсіздік пен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін шегелеп айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті:

- Қауіпсіздік кеңесі – ең алдымен ішкі және сыртқы қауіпсіздік мәселелерін талдап ұсынатын өте маңызды мемлекеттік орган. Кеңес құзырына құқық қорғау органдарының жұмысы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шетелдермен қарым-қатынас, қорғаныс қабілеттері мәселелері кіреді. Бұдан өзге, құқық қорғау жүйесін реформалауға назар аудару керек. Бір сөзбен айтқанда, басталған жұмыс аяқсыз қалмауы шарт.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.