{metadescription}
Қытайды дүрліктірген коронавирусты жұқтырмаудың жолы қандай?
Қытайды дүрліктірген коронавирусты жұқтырмаудың жолы қандай?

Қытайды дүрліктірген коронавирусты жұқтырмаудың жолы қандай?

Қытайды дүрліктірген коронавирус адамнан адамға жұғып, тез тарап жатыр. Бүгінде бұл дертке шалдыққандар Жапония, Тайвань, Оңтүстік Корея және АҚШ-та да анықталған. Қауіпті дерттен бүгінге дейін 17 адамның көз жұмғаны белгілі. Кеселді жұқтырмаудың жолы қандай? Еліміздің бас санитар дәрігерінің кеңесіне құлақ түрсек.

Коронавирус жұққан адамда әлсіздік, ентігу және жөтел белгілері байқалады. «Ауруды жұқтырмаудың ең тиімді жолы – кесел ошағына, яғни Қытайға бармау», - дейді еліміздің бас санитар дәрігері. Сондай-ақ, адам көп жиналған жерде медициналық бетперде киіп, қолды ауық-ауық жуу сияқты қарапайым ережелерді де сақтаған абзал.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Қазақстан мен Қытай бағытындағы жол қазір қатаң бақылауда. Шекарадан өткен 14 мыңнан астам адам жіті тексерістен өткен.

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері:

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұрын айтуышы еді, адамнан адамға жұқпайды деп. Қазір төмен деңгейде адамнан адамға жұғатын жағдайлар бар деп мәлімдеп жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, коронавирусты жұқтырғандар Жапония, Тайвань, Оңтүстік Корея және АҚШ-та да тіркелген. Бұлардың барлығы Ухань қаласына барып қайтқандар екен. Вирустың адамдарға жұғу фактісі жиілегендіктен, туристік фирмаларға дейін Қытайға сапарлаудан бас тартуға шақырады.

Наталья Вайншток, Туристік агенттік жетекшісі:

- Қытайға билет алып қойған туристер бар. Олар коронавирус туралы ақпаратты білген соң, бұл елуге барудан қаймыққанын байқатты. Бізге келіп жағдайды нақтылап жатқандар көп. Қазақстандықтар арасында Хайнань сұранысқа ие. Ал бұл жер Ухань қаласынан әлдеқайда қашықта жатыр.

Бүгінде Қытайда коронавирусты 571 адам жұқтырса, 17 адам көз жұмған. Бүкіл елді дүрліктірген вирустың ошағы Ухань қаласы мен Хубэй провинциясына кіріп-шығу қазір қиын. Ал қазақстандықтар ушыққан жағдайға да, ескертуге де қарамастан, Қытайға саяхаттаудан бас тартып жатқан жоқ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде