{metadescription}
 Елорданың аудан әкімі параға айфонның соңғы үлгісін алған
 Елорданың аудан әкімі параға айфонның соңғы үлгісін алған

Елорданың аудан әкімі параға айфонның соңғы үлгісін алған

Ауызбастырыққа айфон алған! Нұр-Сұлтан қаласына қарасты Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов  ұсталды деген ақпарат расталды. Ол жеке компания өкілінен ауданды абаттандыру жұмыстары үшін пара алды деп айыпталып отыр.

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің мәлімдеуінше, Есілов пара ретінде «Айфон» ұялы телефонының соңғы үлгісін алған.

Айта кетейік, Асқар Есілов кезінде елорда әкімінің орынбасары болған, Мәслихаттың бұрынғы хатшысы,  Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есіловтің баласы. Байқоңыр ауданының әкімі болып былтыр сәуір айында ғана тағайындалған.

Данияр Бегайдаров, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі:

- Қылмыстық іс бойынша қазір тергеу жүргізілуде. Күдіктілер өз кінәсін мойындауда және де қылмыстық істі жедел түрде сотқа жолдауға арыз жазды.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде