{metadescription}
Даңқты спортшылар мен жұлдыздар Коби Брайантты жоқтап қайғыруда  
Даңқты спортшылар мен жұлдыздар Коби Брайантты жоқтап қайғыруда  

Даңқты спортшылар мен жұлдыздар Коби Брайантты жоқтап қайғыруда  

Баскетбол жұлдызы Коби Брайант әуе апатынан қаза тапты. Әлемге әйгілі баскетболшының жеке тікұшағы отқа оранып жерге құлаған. Соның салдарынан борт ішіндегі тоғыз адам да көз жұмды.

Коби Брайантпен бірге 13 жастағы қызы да болған. Баскетболшы жексенбі күні жеке тікұшағымен жаттығуға бет алыпты. Бірақ діттеген жеріне жете алмай опат болды. Қазір Калифорния штатында болған апаттың себебі анықталып жатыр. Коби Брайантты әлемнің даңқты спортшылары мен жұлдыздары қайғырып жоқтап жатыр. Ол баскетбол тарихында талай рекорд жаңартқан спортшылардың бірі.

«Лос-Анджелес Лейкерс» командасында өнер көрсеткен ол бес мәрте NBA чемпионы атанса,18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Сондай-ақ, 41 жастағы баскетболшы АҚШ ұлттық құрамасымен бірге екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған. «Қара Мамба» лақап атымен танылған спортшы мансабын 2016 жылы аяқтаған. Кейін кино әлемінде бағын сынап, өзі сценарий авторы және продюсері болған «Dear Basketball» қысқаметражды мульфильмі «Оскар» сыйлығын алды. Сегіз қырлы, бір сырлы Брайанттың артында әйелі мен үш қызы қалды.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде