{metadescription}
Коронавирус! Қытайда медициналық тауарларға сұраныс артты 
Коронавирус! Қытайда медициналық тауарларға сұраныс артты 

Коронавирус! Қытайда медициналық тауарларға сұраныс артты 

Қытайда коронавирустан көз жұмғандардың саны 81-ге жетті. Осыған байланысты жергілікті билік жаңажылдық демалысты 2-ші ақпанға дейін созуға шешім қабылдаған. Қытайдағы ірі компаниялар да уақытша жұмысын тоқтатты.

Ухань қаласынан тараған коронавирус бүкіл Қытайдағы жаңа жылдық көңіл-күйдің күл талқанын шығарғандай. 11 миллион тұрғыны бар шаһардың тең жартысы демалыста жан-жаққа тарап кеткен. Ал бұл дертке әлем бойынша қазір 2700 адам шалдықты. Дені – Қытайда. Таиланд, Гонконгта сегіз, АҚШ пен Макаода бес, Тайвань, Австралия, Сингапур мен Малайзияда төрт, Франция, Жапонияда үш азамат коронавирусқа шалдыққаны расталды.

Қазір Қытайда медициналық тауарларға сұраныстың артқаны сонша, ел билігі басқа мемлекеттерден қосымша тапсырып беріп жатыр. Сондай-ақ барлық теміржол бекеті мен әуежайда бақылау күшейтіліп, дене қызуын қадағалайтын арнайы құрылғылар қойылған. Гонконг бастап, Макао қостап соңғы екі аптада Хубэй аймағында болғандардың өз аумағына кіруіне тыйым салынды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде