{metadescription}
Ұлттық банк 200 теңгені темірге айналдырды
Ұлттық банк 200 теңгені темірге айналдырды

Ұлттық банк 200 теңгені темірге айналдырды

200 теңге темірге айналды. Елімізде жаңа ақша айналымға шықты. Ұлттық банктегілер 200 теңгелік монетаның әбден тозған купюраның орнын  басатынына сенімді.

«2006 жылы шығарылған 200 теңгелік қағаз ақшаны айналымнан алып тастауға шамамен бір жыл уақыт керек», - дейді бас банктегілер. Әзірге ескі банкнот төлем құралы болып қала бермек. Ал темір ақша 100 теңгеліктер сияқты екі түсті. Бірақ 100 теңгеге қарағанда салмағы ауыр және көлемі үлкендеу. Жаңа монетадағы жазу латын әрпімен жазылған. Ақшаның дизайнында мемлекеттік елтаңба мен қазақтың ою-өрнегі бейнеленген. Сыртқы сақинасы 16 ойықпен бедерленген тиын нейзильбер мен никельді жезбен жасалыпты. Ұлттық банк өкілдері тиын түрінде шыққан ұсақ ақша тез бүлінбейді және қағаз банкнотамен салыстырғанда әлдеқайда қауіпсіз дейді.

Жомарт Қажымұратов, Ұлттық банк қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры:

2019 жылы жалған банкнот жасаған 4000 оқиға тіркелді. Ал қолдан тиын жасаған небәрі 4 жағдай анықталды. Айырмашылық бар. Темір ақша қауіпсіз және ұзаққа шыдайды. Жаңа 200 теңгеліктерді төлем терминалдары мен автоматтарға салуға асықпаңыздар. Бұл жағдайды бизнес компаниялар екі-үш айдың ішінде ретке келтіруі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде