{metadescription}
Бетперде коронавирустан сақтай ала ма? Бетперде кию ережесі
Бетперде коронавирустан сақтай ала ма? Бетперде кию ережесі

Бетперде коронавирустан сақтай ала ма? Бетперде кию ережесі

Жаһанды дүрліктірген сырқат салдарынан елімізде медициналық бетперде тапшығы сезілуде. Нұр-Сұлтан, Орал және Алматы тұрғындары оны дәріханалардан іздеп әлек. Бұл бағаны әдейі көтеруге жасалған әрекет болуы мүмкін. Денсаулық тақтау министрлігі ондай жағдай анықталса, қатаң шара қолданылатынын ескертті. Бетперде қауіпті вирустан қаншалықты сақтайды?

Соңғы күндері дәріханаларға тұрақты табыс әкеліп отырған басты тауар – медициналық бетперделер. Тұрғындар түр-түсіне қарамастан жаппай сатып алуда. Мәселен, Алматыда оның бағасы 20 мен 45 теңгенің аралығында.

Райса Күнқожаева, дәріхана меңгерушісі:

- Медициналық бетпердеге сұраныс соңғы он күнде көбейді. Себебі, Қытайдан келген короновирусқа және тұмауға байланысты. Тек Қазақстаннан шығатын бетперде бар, Ресейдікі сатылымда жоқ.

Қытайдағы қауіпті вирустың таралуы көптің арасында дүрбелең тудырғаны рас. Мәселен, Оралдағы дәріханалар медициналық бетпердеден тапшылық көріп отыр. Фармацевтер 5 мың данасын сатыпты.

Назерке Оразғалиева, фармацевт:

- Біздегі бетперделер түгелдей таусылып кетті. Көбіне оқушылар алады. Әзірге жаңасын күтіп отырмыз. Бір рет қолданылатындықтан, бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Әңгіме тек бағасында.

Қалай десек те, медициналық бетперденің саудасы қызып тұр. Оған дәлел – бас қаладағы бірнеше дәріханадағы жазулар. Алматыда  да осыған ұқсас аракідік кездеседі. Тұрғындар шағын дәріханаларда бетперделер лезде жоқ болғанын айтады.

Ал осыдан екі күн бұрын жауаптылар Алматыдағы дәріханаларды бақылауда ұстап отырмыз деген еді. Онысы өтірік болып шықты.

Айзат Молдағасымова, Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

- 67 дәріхананы тексердік оның ішінде біз жақтан, 70-тен астам әкімдіктің өзі тексеріп, аралады. Сонда 70-тен астамның ішінде 9-ында бетперде болған жоқ. Ал қалғандарының бәрінде бар.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бетперде тапшылығын қолдан жасаушылар жазасыз қалмайтынын бірнеше рет айтты. Эпидемиологтардың пікірінше, халық көбіне бетперде тағудың қарапайым ережесін білмейді. Онсыз қауіпті вирустан сақтану қиын.

Саят Қауметов, Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Неғұрлым адамның бетіне тығыз жатса, вирустың, микробтың өтуі қиындай түседі. Қорғау мүмкіндігі жоғары. Ал енді кейбіреулер айтып жатыр, мына жағы ақ, мына жағы көк – ол бекер әңгіме. Өйткені материал филтрациялы, яғни қалай кисең де бәрібір, микробтың 50 пайызы ұсталады.

Далада жүргенде ауыз бен мұрынды тұмшалаудың қажеті шамалы. Таза ауамен тыныстаған жөн. Бетпердені тек адамдар көп шоғырланған орындарда қолдану қажет. «Ең бастысы, екі сағат сайын жаңасына ауыстырып отыру керек», - дейді мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.