{metadescription}
Туризм басқармасы: Қазір шетелге саяхаттау қауіпті
Туризм басқармасы: Қазір шетелге саяхаттау қауіпті

Туризм басқармасы: Қазір шетелге саяхаттау қауіпті

27 мемлекетке шығуға тыйым салынуы мүмкін. Алматының туризм басқармасы туроператорларға коронавирус індеті тіркелген елдерге саяхатшыларды жібермеуді ұсынды. Өйткені шетелге шыққандар қауіпті кеселді жұқтырып таратуы бек мүмкін. Алайда туристік ұйымдар мұндай бастамаға үзілді-кесілді қарсы. Коронавирус дерті таралғалы «шығынға баттық» деген олар, одан әрі жұмысымыз тұралап, «банкротқа ұшыраймыз» деп қорқады.

Алматы қалалық туризм басқармасы коронавирус дерті әлемге таралып жатқанда шетелге саяхаттау қауіпті деп отыр. Сондықтан олар сақтық шарасы ретінде қалалық туроператорларға отандастарымызды жұқпалы дерт тіркелген елдерге жібермеуді ұсынды. Ал коронавирус жұқтырған адамдар 27 елде анықталған. Олардың арасында отандастарымыз жиі тынығатын курорттық аймақтар бар.

Қалибек Әділбекұлы,Алматы қалалық туризм басқармасы басшысының орынбасары:

- Алматының туроператорларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Шаһардағы ір 60 туристік компанияға ұсыныс хат та жолдадық. Мақсат – қауіпсіздікті күшейтіп, елге індетті кіргізбеу. Коронавирус тіркелген 27 мемлекеттің ішінде Тайланд, Малайзия, БАӘ сынды курорттық елдер мен Еуропаның Германия, Франция, Италия сияқты мемлекеттері бар.

Ал туристік компаниялар бастаманы қолдасақ, шығынға шаш етектен батамыз деп қынжылады. Оған қоса, шетелге шығуды алдын ала жоспарлаған туристер қауіпті деген кей елдерге жарты жыл бұрын тур сатып алған. «Ал олардың ақшасын қайтарып беру бізге мүлдем тиімсіз», - дейді туристік компанияның басшылары. 

Александра Ватутина, туристік компанияның директоры:

- Туризм басқармасының ұсынысын қолдамаймыз. Шетелге шығуға тыйым салғанның өзінде олар туристердің ақшасын бермейді ғой. Жүздеген адамның жоспары күл-талқан болады. Ал біз банкротқа ұшырауымыз мүмкін. Қауіпті дертке қарсы басқа шаралар ұйымдастыру керек деп ойлаймын.  

Коронавирус кеселі туристік елдердің жұмысын тұралатып, оларды тығырыққа тіреп отыр. Мәселен, қытайлық саяхатшылардың азаюынан Тайланд 2 млрд долларға жуық шығынға батса, Италия 4,5 млрд. еуро жоғалтуы мүмкін. Ал көрші Ресейдің туристік ұйымдары жұқпалы дерттің кесірінен 500 млн рубльден қағылған. Осы орайда қалалық туризм басқармасы жұртты шетелге шығуға асықпай,отандық туризмді дамытуға шақырады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.