{metadescription}
ДДҰ: Коронавируспен күреске 700 миллион доллар қажет
ДДҰ: Коронавируспен күреске 700 миллион доллар қажет

ДДҰ: Коронавируспен күреске 700 миллион доллар қажет

Қытайдағы жұқпалы індетпен күресуге 700 миллион долларға жуық қаражат керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдік қауымдастықтан осынша ақша сұрап отыр.

Бұл қомақты қаржы коронавирус таралған мемлекеттерге көмек ретінде беріледі. Аталмыш ұйым өздері 9 миллион доллар бөлгенін жариялады. Әлем елдері мен халықаралық ұйымдардың алаңдайтын жөні бар. Өйткені төрткүл дүниені дүрліктірген инфекцияның әзірге нақты емі жоқ. Сондықтан коронавирустан өлгендер саны күн санап артып барады. Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда қауіпті кеселден көз жұмғандар саны 563-ке жеткен. Ал 28 мыңнан астамы ауру жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылып, 1153 науқас құлан таза айығып шығыпты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде