{metadescription}
Бүкіл бетпердені Қытайға сатып, елде тапшылық туды
Бүкіл бетпердені Қытайға сатып, елде тапшылық туды

Бүкіл бетпердені Қытайға сатып, елде тапшылық туды

Бетперденің бәрін Қытайға зытырған. Отандық өндірушілердің осы әрекетінен елімізде медициналық бетперде тапшылығы туындапты. Соған байланысты оны шетелге экспорттауға шектеу қойылды.

Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Бетперде өндірушілер мен дистрибьюторлердің әдепке сай емес мінез-құлқын атап өткіміз келеді. Олар барлық қорларын Қытайға сатқан. Осыған байланысты Үкімет экспортқа тыйым салып отыр. Отандық өндірушілер халық сұранысын қамтамасыз ете алмай отырғандықтан, біз шетел өндірушілерімен бетперде алуға осындай жоспар құрып отырмыз.

Тапшылық кесірінен еліміз медициналық бетперделерді енді сырттан сатып алмақ. Ал жалпы, 6-шы қаңтардан бері елімізге Қытайдан келген азаматтар ішінде жүзден астам адам қауіпті вирус күдігімен ауруханаға жатқызылса, олардың 80-нен астамы қазір үйіне жіберілген. Яғни, еш белгі табылмаған. Дегенмен әлі де 30 адам дәрігерлердің бақылауында.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.