{metadescription}
Түркиядағы ұшақ апатынан Қазақстанның екі азаматы зардап шекті
Түркиядағы ұшақ апатынан Қазақстанның екі азаматы зардап шекті

Түркиядағы ұшақ апатынан Қазақстанның екі азаматы зардап шекті

Түркиядағы ұшақ апатынан Қазақстанның екі азаматы зардап шекті. Отандастарымыз Измирден Стамбұлға ұшып шыққан әуе кемесінің ішінде болған. Алғашында жерлестеріміздің Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жатқызылғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Ал мән-жайды «бақылауда ұстап отырмыз» деген Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың жағдайы жақсы екенін жеткізді.

ҚР Сыртқы істер министрілігі:

- Түрік тарапының қазақстандық консулға берген ақпаратына сәйкес, жарақаттанған Қазақстан Республикасы азаматтарының бірі жеңіл жарақатпен ауруханаға жатудан бас тартып, дәрігерлер тексергеннен кейін ауруханадан шығарылды. Екінші азаматымыз да жеңіл жарақат алып, бүгін қысқа емдеуден кейін ауруханадан шығарылды.

Стамбұл әуежайындағы ұшақ апаты кеше кешке болған. Измирден жеткен әуе кемесі қонған кезінде жолақтан шығып кетіп апатқа ұшыраған. Басында «адам шығыны жоқ» делінген, бірақ кейін 3 адамның қаза тапқаны анықталды. Одан өзге түрлі дәрежеде жарақат алған 179 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Жер сүзген ұшақ үшке бөлініп кетіпті. Ал, лайнердің бортында барлығы 183 адам болған. Апаттың себебі жан-жақты тексеріліп жатыр. Болжам бойынша, қайғылы оқиғаға ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде