{metadescription}
ҰБТ жауабын сату немесе жемқорлық дерегін анықтап берген адамға – 100 мың теңге
ҰБТ жауабын сату немесе жемқорлық дерегін анықтап берген адамға – 100 мың теңге

ҰБТ жауабын сату немесе жемқорлық дерегін анықтап берген адамға – 100 мың теңге

Ұстап берген адамға 100 мың теңге! Ұлттық тестілеу орталығының басшысы ҰБТ-ның жауабын сату немесе жемқорлық дерегін анықтап берген адамға осынша сыйақыны өз қалтасынан төлеуге дайын. Ол үшін барлық әлеуметтік желіні қолдануға болады.

Дидар Смағұлов, Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы:

- Бір жемқорлық фактілері болса, мен өз жалақымнан, жалпы жалақым 500 мыңға таман, бірақ кез келген кісі маған ақпарат берсе, фейсбук, уатсап, телеграм арқылы, 100 пайыз құпия түрде, ешкімге айтпай, 100 мың теңге сыйақы беруге дайынмын.

Басты талап, – тек расталған ақпар беру. Жалпы, қазіргі заң бойынша жемқорлық дерегін анықтап берген адамға қолды болған қаражаттың 10 пайызы көлемінде сыйақы қарастырылған.

Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу орталығының басшысы құйтұрқылығымен көзге түскендерге жазаны күшейтуді ұсынып отыр. Яғни, қаңтардағы тест тапсыру кезінде үміткер өз орнына біреуді кіргізсе, онда жыл бойына қалған мүмкіндігінен айырылады. Телефонмен кіргісі келгендер екінші рет ұсталса, оларға осындай жаза қолданылуы мүмкін.

Айта кетейік, қазір үміткер бір жылда төрт рет тест тапсыра алады. Оның тек біреуінде ғана грант үлестіріледі.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.