{metadescription}
Мүгедектерден үнемі пара алған маңғыстаулық шенеунік кінәсін мойындады
Мүгедектерден үнемі пара алған маңғыстаулық шенеунік кінәсін мойындады

Мүгедектерден үнемі пара алған маңғыстаулық шенеунік кінәсін мойындады

Маңғыстау облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары жүйелі түрде пара алып отырды деген күдікке ілінді. Шенеунік өз қылмысын мойындап та үлгерген. Ол ауызбастырықты мүгедектерден алып келіпті.

Сөйтіп олардың кемтар екенін анықтайтын құжатты беруді жеделдеткен. Ол осы «жылдам» жұмысына мүгедектерден 30 мыңнан 100 мың теңгеге дейін алып отырыпты. Еңбек департаменті басшысының орынбасары өз кінәсін мойындаған соң, тергеушілерге параны қайда сақтағанын да көрсетіп берді. Шенеунік жұрттан конвертпен алынған ірі купюраларды пәтеріндегі шкафқа тығып қойыпты. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әли Абдулов, Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаментінің тергеушісі:

- Күдікті кінәсін толық мойындап, тергеу органына жауап берді. Оған қатысты ұстап алу қолданылған жоқ, үйіне жіберілді. Күдіктіге қатысты соңғы шешімді, процессуалдық шешімді сот шығарады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.