{metadescription}
Қызылға боялған Каспий жұртты алаңдатып отыр
Қызылға боялған Каспий жұртты алаңдатып отыр

Қызылға боялған Каспий жұртты алаңдатып отыр

Каспий теңізі жағасындағы су қызыл түске боялды. Алаңдаған Ақтау жұртын экологтар сабырға шақырып, қызыл судың қоршаған ортаға зияны жоғын айтып жатыр.

Каспийдегі теңіз балдырларының қызыл түс бөлетінінін экологтар соңғы бірнеше жылдан бері бақылап келеді екен. Дегенмен биыл ерекше алқызыл түске боялған теңіз жағасы елді алаңдатқан. Оның үстіне өңірге сирек түсетін ақ қар қызыл бояуды ерекше құбылтып жіберген. Билогтар бұл құбылыс Каспийдегі тіршілік иелері мен адамдарға зиянын тигізбейтінін айтады. Осы жолы да жағадағы су, топырақ және ауаның сынамаларын алып сараптама жүргізіпті. Алаңдайтын түк жоқ екен.

Раушан Төлепова, Маңғыстау облыстық экология департаментінің бөлім жетекшісі:

- Каспий теңізімізде 25-тен көптеген шалаңдар өсіп жатыр. Оның түріне келетін болсақ, ол полинезия, полисифония, молибезия, лауренция деген түрлері. Қызыл, қоңыр қызыл түсті болып келеді. Шоғырланған жерлері қызыл түске боялып жатыр. Ол 2017-ші, 2018-ші жылдардан бері болып жатқан құбылыс.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде