{metadescription}
Шымкенттік нумеролог күміс бұйыммен коронавирусты емдеуге болады дейді
Шымкенттік нумеролог күміс бұйыммен коронавирусты емдеуге болады дейді

Шымкенттік нумеролог күміс бұйыммен коронавирусты емдеуге болады дейді

Коронавирустан қорғанудың тың тәсілі! Шымкенттік нумеролог қарапайым күміс бұйыммен жұқпалы індетті емдеуге болады дейді. Яғни төрт бұрышты затты ауырған жеріңізге бассаңыз, кез келген аурудан құлан таза айығып кетесіз дейді Әбдіжаппар Шабдырайымов.  

Әбдіжаппар Шабдырайымов, нумеролог:

- Міне, мына төртбұрышпен коронавирусты емдеуге болады. Ол үшін денеңізге оны 21 минут 21 секунд ұстап тұруыңыз қажет. Сол кезде ауру жоқ болады. Бірақ бұл теориялық тұрғыда дәлелденген. Өйткені үш жыл бойы мен үйден шықпадым. Тылсым күштер маған ешкіммен араласпа, кітап оқыма, интернет қолданба деп бұйырды. 

Нумеролог әзірге коронавирусқа шалдыққандарды емдеп көрмепті. Алайда ұсыныс түссе, Қытайға барып науқастарға өз тәсілін қолданып көруге дайын екен. Тіпті Джеки Чан ұсынған қомақты сыйақыдан да үмітті. Бұған дейін голливуд жұлдызы Джек Чан жұқпалы індеттің емін тапқан адамға 1 миллион юань яғни 55 миллион теңге сыйақы беретінін жариялаған болатын.

Алайда білікті ғалымдар әлі күнге инфекцияны жоятын тиімді вакцина ойлап тапқан жоқ. Сондықтан Қытайдағы вирус күн сайын өршіп барады. Мәселен Жапония жағалауындағы лайнерде індет жұқтырғандар саны 130 адамға жетті. Алғашында тек бір жолаушыдан коронавирус белгілері байқалып, алып кеме карантинге қойылған. Саяхаттауға шыққан 3700 жолаушы осылайша бір аптадан бері Иокогама портында жіпсіз байланып тұр. Ал ауру ошағы таралған Қытайда бүгінге дейін 908 адам өліп, індет жұқтырған 40 мыңнан астам науқас ауруханада жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.