{metadescription}
Импортқа тәуелді отандық жеңіл өнеркәсіп тығырыққа тірелген
Импортқа тәуелді отандық жеңіл өнеркәсіп тығырыққа тірелген

Импортқа тәуелді отандық жеңіл өнеркәсіп тығырыққа тірелген

Ел әскерилері шетелдік тауар өндірушілердің киімін киіп, төсегін жастанып жүр. Осындай импортқа тәуелділіктің кесірінен отандық жеңіл өнеркәсіптің шаруасы қазір шатқаяқтап тұр. «Көлеңкеде қалып қойдық» деген қазақстандық кәсіпкерлер шағым айтып, осымен бесінші рет Сенатқа жиналды. Бүгінгі мәселе – күштік құрылымдардың арнайы киімдеріне байланысты өткізілетін мемлекеттік сатып алулардағы былық.

Тауар өндіруші мен құзырлы орган біраз күннен бері мемлекеттік сатып алу келісім шарты мәселесін шеше алмай жүр. Дәлірек айтсақ, шымкенттік «Азала» кәсіпорны Қорғаныс министрлігімен әскери киімдерге мата шығару үшін бес жылға уағдаласады. Бірақ аяқасты келісім-шарт министрліктің күшімен мерзімінен бұрын бұзылған. Кәсіпкерлердің шағымын тыңдаған Сенат спикері шаруаны маңдытпағаны үшін маңызды құжатқа жауапты инфрақұрылымдық даму министрлігіне шүйлікті.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

Сіздер компаниядан аз уақыттың ішінде тез жаңа құрылғы орнатып, жаңа мата түрін шығаруды талап етесіздер. Бәрі сіздер айтқандай болуы шарт. Бұл қандай жұмыс? Түсінбей отырмын. Сіздерде танкі немесе әскери техниканы күнде жаңасына ауыстыру керек деген тапсырманың болмағанына шүкір, әйтпесе, оған да тыным бермес едіңіздер.

Үйге қажетті төсек-орын жабдықтарымен бірге мата шығаратын «Азала» кәсіпорнына бір жағынан күштік құрылымдардың өкпесі қара қазандай. «Қазақстанда жасалған» тауардан әскеріміз аязда тоңып, жаңбырда киімнің бояуы ағып кеткен көрінеді.

Талғат Жанжүменов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

- Қазақстандық матадан тігілген киімді Семейде 2500 сарбаз киді. Жаңбыр жауғанда көз алдымда камуфляж киімнің түсі қызғылт болып кетті. Кейін 10 мыңын алмастыруды талап еттік. Біз түсінерміз, бірақ, қарапайым сарбаз түсінбейді ғой. 

Отандық өндірушінің Қорғаныс министрілігіне арнайы киім матасын ұсынуы «Қазақстан инжиниринг» компаниясы арқылы жүзеге асыпты. Алайда 2020 жылдан күшіне енген қорғаныстың «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңы ұлттық компанияның өкілеттілігін тоқтатқан. Сол себепті келісім-шарттың күші жойылыпты.

Қуаныш Бишимов, «Қазақстан инжиниринг» ҰК басқарма төрағасы:

- Инвестициялық міндеттеме бар. «Азала» оны орындап отырды. Бақыладық, көрдік. Бірақ, жаңа заңға сәйкес, 2020-шы жылдың 6-шы ақпанында оларға келісім-шарттың тоқтағаны жөнінде хабарлама жібердік. Десек те, енді ғана көтеріліп келе жатқан өнеркәсіптің ісі тоқтап қалмас үшін жұмыс жалғасқаны дұрыс.

Жұмыстың жалғасқанын Дариға Назарбаева да қолдайды. Ол жеңіл өнеркәсіптің дамуына балта шауып отырғандарға қарсы шығып, сенімсіз шенеуніктерді сөкті.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

- Біздің әскерді тамақпен, киім-кешекпен тек біздің өндірушілер қамтамасыз ете алады. Қиын жағдайда әскерімізге киім алуға көрші елге жүгіресіз бе? Жоқ. Сондай-ақ, бюджетке ақша салық төлеушілерден, оның ішінде кәсіпкерлерден түседі. Кез елген қаржы экономикамызды дамытуға бағытталу керек. Сондықтан да отандық кәсіпорындардың аяққа тұруына көмектесуіміз қажет.

Сенат спикері өнеркәсіпті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтің әлеуеті артатынын, ең бастысы, «Қазақстанда жасалған» деген белгімен шығатын өнімдер сөрелерді толтыратынын тілге тиек етті.

Осымен бесінші рет ұйымдастырылған кездесудің тоқетері мынау: мемлекеттік органдар әскери киімнің ұлттық стандартын бекітеді, тек қазақстандық тауар өндірушілермен жұмыс істейді және қазір жүріп жатқан мемлекеттік сатып алулар бойынша байқау  қайта өткізу мүмкіндігін қарастырады.

Тағы бір айтып өтерлігі, парламенттік тыңдауға дайындық барысында жақын күндері жеңіл өнеркәсіппен айналысушылар басқа мәселемен күлтөбенің басына қайта жиналуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

23 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.