{metadescription}
Қар аршуға миллиондап қаржы бөлінген ауыл тұрғындары көшені өз қалтасынан тазалап жүр
Қар аршуға миллиондап қаржы бөлінген ауыл тұрғындары көшені өз қалтасынан тазалап жүр

Қар аршуға миллиондап қаржы бөлінген ауыл тұрғындары көшені өз қалтасынан тазалап жүр

Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі ауыл әлі қар құрсауында. Көшені тазартуға тұрғындар өз қалтасынан ақша жинап беруге де дайын. Тек оған құлақ асатын әкімдік жоқ. Енді қалың қардың кесірінен үйлерге жедел жәрдем жете алмайды. Кіріп-шығудың өзі мұңға айналған. Әне-міне дегенше көктем шығып,»топан судың астында қаламыз» деген үрей тағы бар. Тілшіміз Жібек жолы ауылындағы жұрттың қиын жағдайын көріп келді.

Өткен аптадағы бораннан соң бұл отбасы ғана, осы ауылдың біраз тұрғыны қар құрсауында қалған үйінен әрең шыққан. Ауылдықтардың сөзінше, қар аршу мәселесі жыл сайын қиын. Әкімдікке қанша өтінгенімен, қайран болмапты.

Әділжан Нұрбеков, Жібек жолы ауылының тұрғыны:

Әкімшілік тарапынан біздің мөлтек ауданға мүлде көңіл бөлінбейді. Жібек жолының орталық бөліктері тазаланып жатады. Ең соңынан ауыл әкімінің көңілі соқса, соқты, болмаса бізге келген кезде техникасы сынып қалады. Басқа сылтау айтады.

Қар басып жатқан ауылдың бұл бөлігінде 200-ден астам отбасы тұрады. Аудан әкімінің берген мәліметінше, тұтастай ауылды қардан аршуға миллиондап қаржы бөлінген. Алайда ауылдықтар қар аршуға ақшаны өз қалтасынан шығаруда.

Жол атаулыны қар құрсап тастаған соң қысқы отын тасу да қиындаған. Көлікпен көмір тасу мүмкін болмай, ауылдықтар қаппен арқалауға мәжбүр. Себебі, қыс түссе, қар құрсауында қалуға тұрғындар әбден үйренген.  

Ержан Дүйсенбаев, Жібек жолы ауылының тұрғыны:

- Биыл тағы қайталанып отыр. Хабарлассақ, өздеріңіз істеңіздер, ақша жинаңыздар дейді. Жұмыс істемейтін әкім бізге керек емес.

Тұрғындардың шағымына ауыл әкімінің де жауабы дайын. «Қолдан келгенше шара қабылдап жатырмыз» деген жаттанды сөзді бұл кісі де айна-қатесіз қайталады. Себебі, табиғаттың бұрын-соңды болмаған тосын мінезіне дайын болмай қалған.

Ғабдулғайып Рысбаев, Жібек жолы ауылының әкімі:

- Жиырма жылдан астам мұндай қар болған жоқ. Өздеріңіз көріп отырсыз, барлық жерді қар алып қалды. Жұмыс бастап істеп жатырмыз. Тоқтамай жатырмыз.

Бұл ауылдың осы бөлігін ғана қардан аршуға, әкімнің сөзінше, 2 миллион теңге бөлінген. Едәуір ақша қарастырылғанымен, өнген іс байқалмайды. Қар тазаланбаса, қомақты қаражат қайда кетті деген сұрақ көкейімізде қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.