{metadescription}
Нәрестені мұздатқышқа салып өлтірген үшінші күдікті анықталды
Нәрестені мұздатқышқа салып өлтірген үшінші күдікті анықталды

Нәрестені мұздатқышқа салып өлтірген үшінші күдікті анықталды

Атырау облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған шарананың өлтірілуіне қатысты іс бойынша үшінші күдікті анықталды. Бұл жолы аталған перзентхананың 53 жастағы акушер-гинекологы ұсталған.

Оған алдын ала сөз байласу арқылы топтасып, дәрменсіз күйде екенін біле тұра адам өлтіру дерегі бойынша айып тағылды. Яғни, ол өткен жылдың 29-шы қыркүйегінде жаңа туған баланы мұздатқыш камераға салған делінуде.

Айта кетейік, бұл осыған дейін жауапқа тартылып жатқан перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог Асқар Қуаныштан кейінгі үшінші адам. Тергеу материалы бойынша Нысанбаев базаға енгізілген мәліметтерді түзетпеу үшін тірі туған сәбиді тоңазытқыш камераға салуды бұйырған. Бұны бас дәрігердің телефонын басқа бір іс бойынша тыңдап жүрген жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері ести сала орталыққа жеткенімен, сәбиді құтқарып үлгірмеді. Ал Нысанбаев сол түні қаладағы сауналардың бірінен ұсталды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.