{metadescription}
Алматыда астарында терең мән-мағынасы бар көрме ашылды
Алматыда астарында терең мән-мағынасы бар көрме ашылды

Алматыда астарында терең мән-мағынасы бар көрме ашылды

Алматыда ерекше көрме ашылды. Бұл жолы жұрт назарына өю-өрнекпен заманауи бейнелерді біріктіріп жасалған туындылар ұсынылды. Оған Қырғызстан, Өзбекстаннан келген 4 қылқалам шеберінің картиналары қойылған. Көрме екі айға жалғасады.

Меруерт Қалиева, «Aspan Gallery» директоры:

Ұлттық, классикалық ою-өрнек көз алдымызда кеңес үкіметі кезіндегі түсінікпен ғана қалып қойған. Ал шын мәнісінде оны мың түрлі етіп құбылтуға болады. Өйткені кез келген суретті мұқият қарасаңыз, барлығында кішкене болсын ою мен өрнек бар. Ал оны әсерлеу, түрлендіру суретшінің қиялына байланысты. Бүгінде мұндай туындыны халық жоғары деңгейде қабылдайды.  

Көпшілік назарына 10-нан аса картина ұсынылған. Туындылардың түстік өңделуі ерекше, тақырыбы мен жанры әр түрлі. Мысалы, отандық отбасылық суретшілердің картиналары бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, астарында терең мән-мағына бар. Олар адамның зерігіп немесе ұялы телефонмен сөйлесіп отырғанда салатын шимай-шатпағын картинаға айналдырған. Расында ессіз болып көрінетін шығарма адам баласын ойландырады. Мұндайды бала кезде салмаған жан жоқ. Ал қырғызстандық қылқалам шебері бейненің бәрін аспанға суреттеген. Әсіресе өзбектің ұлттық шапандары келушілердің көзін қызықтырды.

Диляра Каипова, суретші (Өзбекстан):

- Басында ою-өрнекпен қалаларды біріктіре отырып матаға түсірдім. Кейіннен кейіпкерлерді қолдандым. Негізінен маған «мүмкін емес» деген нәрсені біріктіріп, мүмкін етіп шығарған ұнайды. Барлығы қолдан жасалған дүние, ол үлкен еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде