{metadescription}
Dior музасы – қазақ қызы Алла Елшін туралы деректі фильм шетелдерде көрсетіледі
Dior музасы – қазақ қызы Алла Елшін туралы деректі фильм шетелдерде көрсетіледі

Dior музасы – қазақ қызы Алла Елшін туралы деректі фильм шетелдерде көрсетіледі

Дүниежүзілік сән әлеміне танылған тұңғыш қазақ қызы туралы деректі фильм жарық көрді. DIOR бренді авторының музасына айналған Алматыда Алла Елшін жайлы туындының тұсаукесері өтті.

Фильмді түсірген – Франциядағы қазақтар қауымдастығының төрағасы Берлин Иришев. Ол Алла Елшінді біраздан бері зерттеп жүр. Алдымен модельдің картинасын тауып, тарихи Отанына әкелген еді. Кейін ол туралы кітап жазды. Енді көпшілік назарына деректі фильмді ұсынып отыр.

Алла Елшін өз заманында «Шығыстың маржаны» деген атқа ие болған. Оның дене бітімі Кристиан Диордың өзіне ерекше шабыт сыйлапты. Қазақ қызы DIOR сән үйінде 20 жылдай қызмет еткен. Оның әкесі Алматыда тұрған ауқатты қазақ, ал анасы орыстың опера әншісі болыпты. Бұл деректі фильмді жарыққа шығаруға авторлар бір жарым жыл тер төккен. 7 елдің мұрағатынан Алланың видеосын тауыпты. Демек, көрермен дүниежүзілік сән әлеміне танылған тұңғыш қазақ қызын өз көзімен көріп, онымен аралас-құралас болған адамдардың ой-пікірін осы туынды арқылы біле алады.

Берлин Иришев, фильмнің режиссері:

- Модельді жазып қана қоймай, оны көрсету керек. Неге ол сондай жоғары деңгейде жүрді... Ол үшін кинохрониканы табуымыз керек болды. Бұл фильм Парижде, Ресейде, Қытайда, Америкада көрсетіледі. Фильмнің болашағы өте зор.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде