{metadescription}
Түз тағысын аяусыз қырған браконьерден 102 киік мүйіз тәркіленді
Түз тағысын аяусыз қырған браконьерден 102 киік мүйіз тәркіленді

Түз тағысын аяусыз қырған браконьерден 102 киік мүйіз тәркіленді

Батыс Қазақстан облысында мүйізіне бола киік қырған азамат ұсталды. Полицейлер күдіктіден Қызыл кітапқа енген жануардың 102 мүйізін тәркілепті. Енді 30 жастағы жігіт бес жылға темір торға қамалуы мүмкін.

Тәртіп сақшылары Бөкей ордасы ауданында арнайы шара өткізгенде елді мекен маңында күдікті көлікті байқайды. Тексергенде ішінде заңсыз жүк анықталған. Түз тағысын аяусыз қырған браконьердің мемлекетке қанша шығын келтіргені есептеліп жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұрын мұндай қылмысқа барған адам айыппұлмен құтылып кететін деп айтқан полицейлер, олардың енді темір торға тоғытылатынын жеткізді.

Болатбек Белгібеков, БҚО ПД ресми өкілі:

- Күдіктіге қатысты ҚК-тің жаңа бабы қолданылатынын атап өткім келеді. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 5 жылға мерзімге дейінгі бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатын болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.