{metadescription}
Жемқорлық рейтінгісінде кім көш бастап тұр
Жемқорлық рейтінгісінде кім көш бастап тұр

Жемқорлық рейтінгісінде кім көш бастап тұр

Қазақстанда параны ең көп алатын – полицейлер! Жемқорлық белең алған министрліктердің рейтингін жариялаған Жемқорлықпен күрес агенттігі осындай қорытындыға келді. Жалпы, былтыр жең ұшынан жалғасқан былыққа барған мың адам темір торға қамалған. Оның жартысынан астамы – орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері.

Ішкі істер министрлігінің бұндай ерекшелігімен көзге түсуі бірінші рет емес. Полицейлер жол ережесін бұзғандарға әкімшілік шара қолданудың орнына, қалтасын қампайтуды жөн санаған жайттар өте көп.

Екінші орында – Қаржы министрлігі. Әсіресе салықшылардың құлқыны кең. Қорғаныс министрлігіндегілер әскерге шақыру, жалған іссапарлар, мамандарға сыйақы беруде заңсыздыққа барып, рейтингтің үшінші орнына жайғасты. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері де ақшалай сыйақылардан бас тарта алмапты. Жемқорлар бестігін түйіндеген Ауыл шаруашылығы министрлігі де өзге әріптестері сияқты жалған құжаттар әзірлеуде ешкімнен қалмаған. Ұлттық бюро елдің ең жемқор әкімдіктерін де атады.

Анар Жарова, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент бастығы:

- Әкімдіктер мен құрылымдық мекеме қызметкерлерінің арасында жемқорлық фактісімен Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында 37, Жамбылда – 30, Ақмолада – 19, Алматы және Қостанай өңірлерінде 15, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында 14 адам жауапқа тартылды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде