{metadescription}
Атыраудағы әйелдер колониясы бастығының қылмысы дәлелденсе...
Атыраудағы әйелдер колониясы бастығының қылмысы дәлелденсе...

Атыраудағы әйелдер колониясы бастығының қылмысы дәлелденсе...

Атыраудағы әйелдер колониясының бастығы қамауға алынды. Ол аталмыш мекеменің бас есепшісімен бірге қарамағындағы қызметкерлерінің сыйақысы мен көтермелеу төлемдерінің тең жартысын алып келген деп айыпталуда. Күдіктілердің бұл әрекеті жыл бойына жалғасып отырған дейді тергеушілер.

Қазір Нұрзада Сағынғалиева мен бас бухгалтері Мәдина Бисенова сот шешімімен тергеу абақтысына қамалған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен облыстық прокуратураның бірлескен тексеру қорытындысынан кейін оларға қатысты «Пара алу» бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жасаған қылмыстары толық дәлелденсе, әйелдер түрмесінің лауазымды тұлғаларын, экс-әріптестері жазасын өтеуші ретінде қабылдап алуы әбден мүмкін.

Боранбай Ғалиев, Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы:

- Күдікті деп танылған Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті УГ 157/11 мекемесінің басшысы және бас есепшісіне қатысты екі ай мерзімге күдікпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Қазір тергеу амалдары жалғасуда.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.