{metadescription}
Сенат спикері Үкіметті заң дайындау жоспарын қайта қарауға шақырды
Сенат спикері Үкіметті заң дайындау жоспарын қайта қарауға шақырды

Сенат спикері Үкіметті заң дайындау жоспарын қайта қарауға шақырды

Заң жобалары өз уақытында талқылауға ұсынылмай, үнемі кешігіп келеді. Үкімет заң жобасын дайындау кестесін қайта қарауы керек. Сенат қабырғасында өткен жиында Жоғарғы палата спикері Дариға Назарбаева Министрлер кабинетіне осындай ескерту жасады.

Дариға Назарбаева, Сенат спикері:

- Үкімет жыл сайын заңды жоспарлау шараларын бекітеді. Онда заң жобасын Парламентке ұсыну мерзімдері нақты көрсетіледі. Ал іс жүзінде мерзімінде орындалмай, ылғи кейінге шегеріледі. Сосын осы шегерудің арты жыл соңына дейін апарады.

Сенат төрайымының айтуынша, дайындалатын заң жобаларының шамамен 90 пайызы Үкімет еншісінде. Сондықтан бұл мәселенің шешімі қарапайым ғана тәртіпке келіп тіреледі дейді Дариға Назарбаева. Мысал үшін, жер қойнауын пайдалану, газ және газбен қамтамасыз ету туралы жаң жобасы Мәжіліске 11-ші қыркүйекте келіп түсіп, үш ай бойы қаралған. Сөйтіп Сенатқа 12-ші желтоқсанда бір-ақ жеткен. Амалсыз, небәрі сегіз күн ішінде екі оқылымда қарап шығуға тура келіпті. Осындай олқылықтарды жіпке тізген спикер Үкіметті заң дайындау жоспарын қайта қарауға шақырды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.