{metadescription}
Коронавирус: Испанияда дүниежүзілік мобильдік конгресс өтпейтін болды
Коронавирус: Испанияда дүниежүзілік мобильдік конгресс өтпейтін болды

Коронавирус: Испанияда дүниежүзілік мобильдік конгресс өтпейтін болды

Қытайда дерт жаңа қарқынмен дендеп жатыр. Бір тәулікте коронавирустан көз жұмғандар саны 242 адамға жетті. Бұл осы уақытқа дейін бір тәулік ішінде болған сүреңсіз статистикадағы ең жоғары көрсеткіш.

Хубэй провинциясында 24 сағаттың ішінде аталмыш дерт дендегендердің саны 15 мың адамға өсті. Әлем эпидемиологтары әзірге бұл  аурудың алдында қауқарсыз. Сақтық шаралары күшейтілгенмен, вирус одан бетер тез тарап жатыр. Соңғы есеп бойынша, бұл дерттен бақилық болғандардың саны 1350 адамға жетті. Жағдайдың ушығуына байланысты тіпті алыс Испанияда технологиядағы соңғы жетістіктер паш етілетін Дүниежүзілік мобильдік конгресс өтпейтін болды. Айдың аяғына жоспарланған әйгілі көрмеге әлемнің 200 елінен 100 мыңнан аса қонақ келеді деп күтілген еді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде