{metadescription}
Қордайда үйіндінің арасынан табылған жанып кеткен адамның денесі кімге тиесілі?
Қордайда үйіндінің арасынан табылған жанып кеткен адамның денесі кімге тиесілі?

Қордайда үйіндінің арасынан табылған жанып кеткен адамның денесі кімге тиесілі?

Қордайдағы қақтығыс салдарынан қаза тапқандардың саны 11 адамға жетті. Қираған үйіндінің арасынан белгісіз кісінің жанып кеткен денесі табылған. Әзірге мәйттің кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін болмай жатыр. Себебі, денесі адам танымастай өртеніп кеткен.  

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

Қордай ауданының Масаншы ауылындағы сауда орталығын тазарту барысында үйінділердің астынан адамның күйген денесі табылды. Мәйіттің жеке басын анықтау үшін барлық сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін ауылдағы жанжалдан кейін Қордай ауылының 20 жастағы тұрғынының жоғалып кеткені айтылған. Оның өртелген көлігі табылғанымен, өзінен күні бүгінге дейін еш хабар жоқ. Ел арасында анықталған мәйіт сол болуы мүмкін деп айтылуда. Бірақ бұл деректі әлі ешкім растап, не теріске шығарған жоқ. Бұл сауалдың нақты жауабы сараптама қорытындысынан кейін анықталады.

Еске салсақ, ақпанның жетісінен сегізіне қараған түні Сөртөбе, Масаншы, Бұлар батыр ауылдарында қақтығыс болған еді. Оқ атылған жанжалдан 10 адам жантәсілім етті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде