{metadescription}
Алматыда із-түзсіз жоғалған мектеп оқушыларының мәйіті қалай табылды
Алматыда із-түзсіз жоғалған мектеп оқушыларының мәйіті қалай табылды

Алматыда із-түзсіз жоғалған мектеп оқушыларының мәйіті қалай табылды

Алматыда із-түзсіз жоғалған мектеп оқушыларының мәйіті тоған түбінен табылды. Үш жеткіншек Теректі ауылындағы қалдық су жиналатын көлшікке барып сырғанамақшы болған. Алайда жұқа мұз балалардың салмағын көтере алмай опырылып кеткен. Олардың денесін сүңгуірлер бүгін алып шықты. Екінші ауысымда оқитын үшеуі де кеше күндіз үйінен «мектепке барамыз» деп шығып кеткенімен, сабаққа қатыспаған екен. Оларды ұстаздары да іздемепті. Тек кеш қарағайғанда барып сабақтан қайтпаған балаларына ата-аналары іздеу салған.

Тілшіміз оқиға орнында болып келді.

Кеше түс ауа үйлерінен «мектепке кеттік» деп шығып кеткен үш оқушы сабаққа бармай, бірден ауыл ортасындағы тоғанға келген. Шамасы ойын балалары мұз бетінде сырғанағысы келген сияқты. Алайда жұқа мұз олардың салмағын көтере алмай опырылып кеткен. Жоғалған үш оқшыны түні бойы ауыл азаматтары мен еріктілер іздестірді. Ал таңға жуық еріктілердің бірі үш оқушының сөмкесін жағалаудан тауып алыпты. Сондықтан құтқарушыларды шақыртып, үшеуінің денесі шамамен сол маңайдан табылған.

Айналасы қоршалмаған көлшік ауыл ортасында қараусыз жатыр. Егер жағалаудан балалардың сөмкесі табылмағанда, олардың осы жерде екенін ешкім де білмес еді.

Көлшік мектептен шамамен бір шақырым қашықтықта орналасқан. Үшеуінің үйі аса алыс емес. Бірақ бір мектепте оқитын Сабыр, Вадим мен Денистің бұл жерге қалай келгені белгісіз. Өйткені айналасын қамыс басқан тоғанның маңайында үй-жай жоқ. Қоғамдық көлік те қатынамайды. Алайда қаза болған Вадимнің туыстары оның «мектепке барамын» деп автобусқа отырып кеткенін айтады.   

Диана Николаева:

- Түскі бірде мектепке кетті. Анасы өзі шығарып салған. Сабақта телефон қолдануға болмайды. Сондықтан кешке дейін оны іздеген жоқпыз. «Сабақта отыр» деп ойладық. Алайда мектептен шықты-ау деген кезде хабарлассақ, телефоны өшіп тұр. Содан бастап оларды іздей бастадық.

Үш оқушының жоғалып кеткенін мектеп ұжымы да әбден кеш қарайғанда естіпті. Сондықтан барлығы жабылып іздеуге кіріскен. Тіпті полицияға хабарласып, еріктілердің көмегіне жүгініпті. Түні бойы көз ілмеген жоқ іздеушілерден таңға жуық суыт хабар жеткен.

Ләззат Талимова, ерікті:

- Сағат үштен кеткенде біздің Алексей деген волонтеріміз септик па, кәріз құдығы ма, жағалауынан үш рюкзак тауып алған. Кейіннен полиция, жедел жәрдем, төтеншеліктерді шақырттық.

Кеше сабаққа келмеген оқушыларды мұғалімдердің неге іздемегенін сол күйі біле алмадық. Өйткені білім ошағынан үш оқушының ауыр қазасына қатысты пікір білдіретін бір адам табылмады. Басшылардың бәрін полиция бөлімшесіне шақыртып кетіпті.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Балалар «суға түсіп қалуы мүмкін» деген болжамды жоққа шығармай, суда іздейтін мамандарды жұмылдырдық. Түні бойы балаларды іздеп шықты. Өкінішке қарай, бүгін таңғы 8-де үш баланың өлі денесі судан табылып, сот-медициналық сараптама жасауға қалалық мәйітханаға жеткізілді.

Үш жеткіншектің өмірін жалмаған тоғанға жақын маңдағы балалар сырғанақ тебуге жиі келеді екен. Алайда ауыл тұрғындары күн жылыда оның қауіпті екенін айтып отыр. Сондықтан кәріз суы жиналатын көлшіктің айналасын қоршауды талап етуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде