{metadescription}
«Арселор Миттал» қардың қарайып кету себебіне мардымды жауап бере алмады 
«Арселор Миттал» қардың қарайып кету себебіне мардымды жауап бере алмады 

«Арселор Миттал» қардың қарайып кету себебіне мардымды жауап бере алмады 

Еуропамен салыстырмаңдар! «Арселор Миттал» компаниясындағылар Теміртаудағы қардың қарайып кетуінің себебін комбинаттың қалаға жақын орналасуымен түсіндіреді. Өңірде арнайы құрылған «Жасыл кеңестің» отырысына шақырылған компания өкілдері жаттанды сылтауларын тағы тізіп шықты.   

Компаниядағылар қара түтіні қаланы басатын зауыттағы технологиялық процестердің бұзылғанын мойындайды. Түтінге толық жанып бітпеген мазуттың зиянды қалдықтарын араластырмауға тырысатынын да айтты. Тек оған уақыт пен мол қаржы қажет. Сонымен қатар мамандар Теміртау зауытын Еуропа елдеріндегі өндіріс орындарымен салыстырмауға шақырады. Себебі, ондағы зауыттар елді мекендерден кемі 20 шақырым қашықтықта орналсқан екен. Ал Теміртаудағы зауыт қалаға тиіп тұр. Өңірде арнайы құрылған «Жасыл кеңес» мүшелеріне өндіріс алпауытының өкілдері сол баяғы уәжін тағы айтып берді. Алайда экологтар компанияның қырық сылтауын тыңдағанша, ондағы өзгерістерді «жіті қадағалау қажет» дейді.

Дмитрий Калмыков, эколог:

- Зиянды қалдықтардың шығуын тоқтататын тиянақты әрекет жасалуы керек. Олар айтқандай, 30 жыл емес, 5-10 жылда нәтиже шығаруға болады. Ол үшін өндіріс орындарынан шағатын зиянды қалдықтардың шын мөлшерін қадағалауға мүмкіндік жасалуы керек. Еуропа елдерінде осы жүйемен 10 жылда үлкен нәтижеге қол жеткізген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде