{metadescription}
Шамалған бекетіндегі апатта екі қызымен зардап шеккен әйел 20 миллион талап етті
Шамалған бекетіндегі апатта екі қызымен зардап шеккен әйел 20 миллион талап етті

Шамалған бекетіндегі апатта екі қызымен зардап шеккен әйел 20 миллион талап етті

Өтемақы ретінде 60 миллион теңге сұрады! Алматы облысында пойыз бен автобус соқтығысынан қос қызымен бірге зардап шеккен келіншек бас-басына 20 миллион теңгеден моральдық шығын талап етті. Жәбірленушілер бұл қаржыны Қаскелең автобус паркі мен «Қазақстан темір жолы» өтеуі тиіс дейді.

Анар Шыныбекова, жәбірленушінің адвокаты:

- Біз 60 миллион теңге талап арыз қойдық. Ол моральдық зиянды біз «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясынан және Қаскелең автобус паркінен өндіріп алуды сұрадық. Өйткені «Қазақстан темір жолы» қазіргі сотталушының жұмыс берушісі болып отыр, ал «Қаскелең автобус паркі» қаупі жоғары көзінің иесі. Бірақ сот ішінара қанағаттандырып, «Қазақстан темір жолы» азаматтық жауапкер ретінде танылды. Ал Қаскелең автобус паркінде қанағаттандырусыз қалды.

Жәбірленуші Эльмира Жәнібекованың өзі де сотқа қатысты. Ол темір жолдағы жантүршігерлік апаттан соң 3 және 5 жасар қыздарымен бірге жансақтау бөліміне түскен еді. Содан олар әлі өз-өзіне келе алар емес. Эльмираның қос қызы мүгедек болып қалған.

Шамалған бекетіндегі жантүршігерлік апат 15 қыркүйекте болды. Өткелде тұрған автобус бен пойыз соғысып, қоғамдық көлік жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Апатқа қатысты бес айға жуық тергеу жүргізілді. Сотқа айыпталушы ретінде сол күні өткелде кезекшілік еткен Досбатыр Ахметжанов тартылды. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейді. Айта кетерлігі, апаттан соң автобус жүргізушісіне қатысты да қылмыстық іс қозғалған. Алайда оның қайтыс болуына байланысты іс қысқартылыпты. Ал өткел кезекшісіне қатысты процесте 80-нен аса куәгер бар. Бүгін сотта пойыз машинисі жауап берді. Ол сол күні өткел алдындағы екі бағдаршам жасыл жанған соң, алаңсыз қозғала бергенін айтады. Тек соңғы бағдаршам жылдамдықты түсіру туралы белгі берген. Бірақ ара қашықтық тым жақын болған соң, пойызды тоқтатып үлгермепті.

Ибрагим Қазыбаев, машинист:

Бізде бағдаршамдар диодты. Ол алыстан көрінеді. Ескертуші, кіруші 0 бәрі көрініп тұрды. Яғни жасыл жанғаны. Біз сол ескертуші Шамалған бекетінің ескертуі өткен соң, бізде белгі ауысты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде