{metadescription}
Оралда бойжеткенге тап берген 52 жастағы ер адам ұсталды
Оралда бойжеткенге тап берген 52 жастағы ер адам ұсталды

Оралда бойжеткенге тап берген 52 жастағы ер адам ұсталды

Жымысқы әрекеті жүзеге аспады. Оралда он алты жасар қызға тап берген азамат ұсталды. Оны сол маңда жүрген полиция қызметкері жедел ізіне түсіп, бірден учаскеге жеткізген. Жасөспірім әлі болған жайдан айыға алмай жатыр. Күдіктіге қандай бап бойынша іс қозғалды? Оны жедел тапқан полицейдің әңгімесін тілшіміз тарқатсын.

Дәлізде жылап отырған  қыз Артур Кадұсовқа өзіне қол жүгіртіп тиіскен ер адам туралы мұңын шаққан. Полицей бірден ол бағыттаған жаққа жүгірген. Жасөспірім сипаттаған көк және сары түсті арнайы киімдегі азаматты сауда орталығының жанынан тауыпты.

Артур Қадұсов, Орал қалалық ПД батальон командирінің міндетін атқарушы:

- Оқиға орнына келгеннен кейін біз жедел қызмет ету тобын шақырып, сол жерге оны тапсырдық. Қарсыласқан жоқ. Мен заң атынан ол кісіні оқиға орнына күдікті ретінде сол жерге баруын сұрадым.

Қаршадай қызға тап берген ер адам бақылау камерасына түсіп қалған. Видеода оның ішке бірге еріп кіргені бар. Күдікті 52 жастағы Орал қаласының тұрғыны екен.

Асылай Убашева, БҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімінің қызметкері:

- Жәбір көрген қыз күдікті азаматты бірден таныды. Аталған оқиға ҚР ҚК бұзақылық фактісімен тіркеуге алынып, тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеуде анықталады.

Қазір болған жайдың жай-жапсары жан-жақты тексеріліп жатыр. Немересіндей балаға неге иіскенініне ер адам мардымды жауап бермеді. Бастысы, қастандығын істеп үлгермеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде