{metadescription}
Газға уланған анасы мен үш баласы көмек жеткенше жан тапсырды – Маңғыстау облысы
Газға уланған анасы мен үш баласы көмек жеткенше жан тапсырды – Маңғыстау облысы

Газға уланған анасы мен үш баласы көмек жеткенше жан тапсырды – Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысында бүтін бір отбасы газдан уланып қалды. Оқыс оқиға Мұнайлы ауданында болған. Анасы мен үш баласы дәрігерлер келіп жеткенше жан тапсырыпты. Баланың ең кішісі бір жаста. Ал әкесі мен 8 жасар ұлы ауыр халде. Газ қызметінің мамандары ақаудың үйдегі жылу қазандығының мұржасынан шыққанын анықтапты.

Қайғылы жағдай Батыр ауылында болған. Оқушылар сабаққа келмей, ата-анасы байланысқа шықпаған соң, мектеп мұғалімі оларды үйіне іздеп келеді. Бірақ ешкім есік ашпапты. Мектеп басшылығы көпбалалы отбасына олардың туысқандары, дене тәрбиесі мұғалімін жібереді. Есікті аяғын әрең басқан ер бала ашыпты. Үйге кірген жігіт сұмдық жағдайдың үстінен түскен.

Құралай Нұрманова, Мұнайлы ауданының №10 орта мектебінің директоры:

- Олар демалыс күні хабар берді. «Ауырып жатырмын, отбасымызбен тұмауратып жатырмыз, үш күннен кейін анықтама қағаз алып келеміз» - деді. Біз күттік. Телефон соқтық. Телефон көтермегеннен кейін бардық. Екі күн сабаққа келмеген баланы біз іздейміз. Біздің тараптан жасалатын жұмыстардың бәрі жасалды.

Газдан уланған 38 жастағы әйел мен 12-13 және 1 жастағы балалар ес жимастан көз жұмды. Ал ауруханаға жеткізілген 43 жастағы әкесі мен 8 жасар ұлының жағдайы ауыр. Дегенмен «үміт бар» дейді дәрігерлер.

Нұрбол Оқуов, Маңғыстау облыстық ДСБ баспасөз хатшысы:

- Қазір 1977 жылы туған азамат, үйінің отағасы жан сақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр. Дәрігерлер бар күшін салып жатыр, оның өмірін аман алып қалуға. Ал оның баласының қазір жағдайы тұрақты ауыр. Ең бастысы, ол есін жоғалтқан жоқ.

Анар Иванова, Маңғыстау облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Мұржадан газ шығуы мүмкін. Қауіпсіздік сақталмағандықтан адам өліміне әкеп соғып отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот медициналық сараптама тағайындалды.

Апатты жағдайдан соң келіп жеткен газ қызметі де қазандық пен мұржаның арасы ажырап кеткенін анықтады. Ажыраған жерден шыққан газ қайғылы жағдайға әкелген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.