{metadescription}
Жамбыл облысында тәртіп сақшылары көлікке оқ атуға мәжбүр болды
Жамбыл облысында тәртіп сақшылары көлікке оқ атуға мәжбүр болды

Жамбыл облысында тәртіп сақшылары көлікке оқ атуға мәжбүр болды

Жамбыл облысында тәртіп сақшылары жүргізушіні көлік дөңгелегінен атып тоқтатуға мәжбүр болды. Бұйрыққа бағынбай қашқан көлік тізгініндегі азаматты полицейлердің басқалай ұстауға амалы болмапты.  

Тәртіп сақшылары Қаратау қаласында шамдары талапқа сәйкес келмейтін «БМВ»-ны тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушінің көлік басқару құқығын растайтын құжаты болмай шыққан. Ол басының дауға қаларын сезіп, оқиға орнынан қаша жөнелген. Полицейлер соңына түскенімен, жете алмай діңкесі құриды. Амалсыз табельдік қару қолдануға тура келіпті. Алдымен ескерту ретінде аспанға оқ атқанды елең қылмаған соң, көліктің дөңгелегін көздеп атқан. Тек осыдан кейін ғана көлік тоқтатылды. Көлікте екі жолаушы әйел болған. «Жүргізуші ішімдік ішкен», - дейді полциейлер.

Роллан Қуанышбаев, Жамбыл облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы:

- 7-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік жүргізушісі 7 жылға көлік жүргізу құқынан айырылды. Және 15 күнге әкімшілік қамаққа алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде