{metadescription}
Қызын жолда қағып өлтірген жігітке марқұмның әкесі кешірім берді
Қызын жолда қағып өлтірген жігітке марқұмның әкесі кешірім берді

Қызын жолда қағып өлтірген жігітке марқұмның әкесі кешірім берді

Оралда он жасар оқушыны көлігімен қағып кеткен жігітке үкім шықты. Жаяу жүргіншілер өткелінде қаршадай қызды мерт қылған 33 жастағы азамат алдағы екі жарым жылын қоныс колониясында өткізеді. Күдіктінің кішкентай балалары барын және әйелінің ауыр науқасқа шалдыққанын ескерген судья осындай жаза кесті. Марқұм Айару Ермектің ата-анасы да жүргізушіге кешірім берген екен.

Асылхан Қазиев, Айарудың әкесі:

- Кешірім бердім. Себебі, оның да кішкентайы бар. Өзім қызымнан айырылған соң, бала туралы әңгіме айтылса, жаным қатты ашиды. Сосын тек сәбилеріне бола кешірдім.

Жантүршігерлік жол апаты өткен жылы болған. Айару жаяу жүргіншілер жолымен көшені кесіп өтіп бара жатқан. Осы сәтте оны «Ауди» тізгіндеген жүргізуші жоғары жылдамдықпен қағып өтеді. Алайда алды-артына қарамаған күдікті оқиға орнынан із суытып, көлігін де тығып тастаған. Оны тәртіп сақшылары төрт сағаттан кейін ұстады. Оқиғадан соң қала тұрғындары апат болған көшенің қараңғы екенін айтып дабыл қаққан еді. Содан кейін ғана онда жарық бағаналары орнатыла бастады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде