{metadescription}
Көлік капотына жатып алған полицейді бірнеше шақырым сүйреген 
Көлік капотына жатып алған полицейді бірнеше шақырым сүйреген 

Көлік капотына жатып алған полицейді бірнеше шақырым сүйреген 

Капотта жүріп «қыдырған» кезекті полицей. Ақмола облысында ереже бұзған жүргізуші өзін тоқтатпақ болған тәртіп сақшысын қағып өтіп, көлігімен бірнеше шақырым сүйреген.

Ереже бұзған жүргізушіні тоқтату үшін полиция қызметкері көліктің алдына секіріп жатып алған. Бірақ аузына ақ ит кіріп көк шыққан «СҺevrolet Aveo» жүргізушісі сол күйі біраз жол жүріп өткен. Ол көмекке басқа полицейлер келгенде ғана барып көлігін тоқтады. Онда да рульді бермей қиығылық салған. Тәртіп сақшыларымен тіресе отырып, болған оқиғаны ұялы телефонына да түсіріп алыпты.

Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:  

- Ол жол қозғалысын қадағалап жүрген патрульдік полиция қызметкері. Тоқтауға белгі бергеніне қарамастан жүргізуші қашып кетпек болды. Рұқсатсыз көлік айдап жүргенімен қоймай, тәртіп сақшысына қарсылық көрсеткені үшін енді заң алдында жауап береді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.