{metadescription}
Әйелін жаралап, үйін өртеп, өзіне қол салған – Көкшетау
Әйелін жаралап, үйін өртеп, өзіне қол салған – Көкшетау

Әйелін жаралап, үйін өртеп, өзіне қол салған – Көкшетау

Әйелі мен өзіне пышақ жұмсап, пәтеріне өрт қойған. Көкшетауда ерлі-зайыптылардың жанжалынан кейін бес қабатты жатақхана тұрғындары абыр-сабыр болды. Құтқарушылар шырт ұйқыда жатқан 120 адамды оятып сыртқа шығарған.

Әйелімен жанжалдасып қалған 35 жастағы жігіт пышаққа ұмтылған. Өзін де, әйелін де жаралапты. Онымен қоймай, төртінші қабаттағы пәтеріне өрт қойып, өзі терезеден секіріп кеткен. Құтқарушылар келгенше, жалын үдеп кетіпті. Тұрғындарды сыртқа шығарып, жедел құтқару жұмыстарын жүргізуге тура келді. 30 адам автосатымен терезеден түсірілген. Түн ішінде жұртты дүрліктіріп төтенше жағдай туғызған жігіт ауруханада көз жұмды. Оның әйелі және басқа ыс тиген 5 адам қазір ем алып жатыр. Тұрғындардың бірі – 46 жастағы әйелдің жағдайы ауыр. Полиция болған оқиғаға қатысты «Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғады.  

Денис Шелкоплясов, Ақмола облыстық ТЖД басқарма бастығы:   

Өзін жаралап, пәтеріне өрт қойған азамат құтқару қызметі келгенге дейін терезеден секіріп кеткен. Болжам бойынша, бұл – тұрмыстық кикілжіңнен болған жағдай. Өрттің нақты неден тұтанғаны тексеріліп жатыр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.