{metadescription}
Табиғат инспекторын соққыға жығып өлтірген кінәсін мойындап кешірім сұрады
Табиғат инспекторын соққыға жығып өлтірген кінәсін мойындап кешірім сұрады

Табиғат инспекторын соққыға жығып өлтірген кінәсін мойындап кешірім сұрады

Прокурорлар табиғат қорғау инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өлтірді деп айыпталған үш күдіктіні өмір бойына бас бостандығын айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал қалған 6 браконьер алты жылын түрмеде өткізуі мүмкін. Бүгін соттағы жарыссөзде Нұрғалиевті соққыға жыққан Қайрат Ақшанов бар кінәсін мойындады.

Қайрат Ақшанов сотталушы:

- Болған жағдайға мен шын өкінемін. Әдейі істеген жоқпын. Өзіме және қасымдағы балаларға қауіп төнген соң, қорыққанымнан қорғандым. Шын ниетпен қайғыларыңызға ортақпын. Ницык мырзадан, Петр Алексеевичтен кешірім сұраймын. 

Ақшановтың айтуынша, ізін қуып жеткен Нұрғалиевті мылтықтың ұңғысымен ұрып талдырған. Бірге келген екінші қорықшы Петр Ницыкті де соққыға жығыпты. Ал зардап шегуші тарап испектордың өліміне  «7-уінің де  қатысы бар» деген сенімде. Және бүгін олар 20 миллион теңге моральдық өтемақы талап етті. Бірақ тергеу органдары қалған 4 сотталушыға заңсыз аңшылықпен айналысты деп қана айып таққан. Сондықтан оларды 6 жылға қамауды сұрап отыр.

Былтыр 13-ші қаңтарда Нұрғалиев пен Ницык киік атып жүрген броконьердің ізіне түсіп, кейін оңбай таяқ жеген болатын. Айдалада қансырап қалған қорықшыларға медициналық көмек кеш жетіп, Ерлан Нұрғалиев жансақтау бөлімінде демі үзілген. Ал марқұмның жақындары көп инпекторлардың өздері де браконьерлермен тығыз қатынаста екенін айтады. Сондықтан Нұрғалиев қызмет еткен «Охотзоопромның» мекемесіндегі «былық әшкереленсе» дейді.

Нұрлан Нұрғалиев, Е. Нұрғалиевтің інісі:

Ерлан қайтқаннан кейін бір ыдыстан тамақ жеп жүрген сыныптасы Қорғалжын қорығында 100 бас киік атып ұсталды. Сол оқиғадан кейін басшыларына ешқандай шара қолданған жоқ. Бәрі жұмыс бабымен өсті, қызметке отырды, біреуі Алматыға ауысып кетті. Жауаптарын бергенде, білмеймін, оған біздің қатысымыз жоқ, осында келіп бір бөтен адам сияқты әңгімесін айтып кетті ғой.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде