{metadescription}
Еліміздің кеніштері сарқылып, мұнай өндіру көлемі азайып барады
Еліміздің кеніштері сарқылып, мұнай өндіру көлемі азайып барады

Еліміздің кеніштері сарқылып, мұнай өндіру көлемі азайып барады

Қазақстанның кеніштері сарқыла бастады. Әсіресе Шығыс Қазақстандағы бірнеше қазба байлық орындары алдағы 20 жылда таусылайын деп тұр. Қазірдің өзінде Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында мұнай өндіру көлемі азаяды деген болжам бар.

Жалпы ел аумағында 8 мыңға жуық кен орны тіркелген. Оның ішінде 317-сі мұнай-газ көзі болса, 910-ы қатты пайдалы қазбалар.  Үш мыңнан астамы кең таралған пайдалы қазбалар және 4 мыңға жуығы жер асты сулары екен. Соның ішінде Қызылорда облысында жыл сайын мұнай өндірудің көлемі 1 млн тоннаға дейін кеміп келеді. Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында да осындай қауіп бар. Соңғы онжылдықта Шығыс Қазақстандағы бірнеше ірі қорғасын-мырыш кен орындарының қоры түгелдей таусылып, жабылған. Ал 2025-2040 жылдарға қарай Орловское, Малеевское, Тишинское, Риддер-Сокольное сияқты кен орындарында да пайдалы қазба қорлары толық сарқылайын деп тұр. Сондықтан министрлік жаңа кен орындарын ашуға геологиялық барлау жұмыстарын қазірден жандандыру керек деп отыр.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

Қостанай облысының, Орталық пен Шығыс Қазақстан арасындағы аумақтардың және Қырғызстанға іргелес еліміздің оңтүстігінің алтын кен орындарына әлеуеті зор. Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары Қазақстанның орталық, оңтүстік және де Кенді Алтай өңірлерінде ашылуы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде