{metadescription}
Шығынын үнемдеген шенеуніктер бюджетке 130 миллиард түсірді  
Шығынын үнемдеген шенеуніктер бюджетке 130 миллиард түсірді  

Шығынын үнемдеген шенеуніктер бюджетке 130 миллиард түсірді  

Әкімдер мен министрлер Президент тапсырмасынан кейін көзге түсу үшін шығындарын қысқартудан жарысқа түсіп жатыр. Соның арқасында мән-мағынасы мардымсыз семинарлар мен конференциялар, қымбат көлік пен жиһаз сатып алуға жұмсалайын деп тұрған жерінен 130 миллиард теңгеге жуық қаражат бюджетте қалды.

Әлихан Смайылов, ҚР Қаржы министрі:

Жалпы алғанда шығыстарды оңтайландыру бойынша жалпы сомасы 128,6 млрд теңгеге ұсыныстар берілді, оның ішінде мемлекеттік органдардан 23 млрд теңге, өңірлерден 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 79 млрд теңге.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айының 24-інде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік органдарға бюджет қаржысын оңды-солды шашуға қатаң тыйым салған. Қыруар қаражатқа қымбат көлік пен жиһаз сатып алуға, мән-мағынасы төмен, бірақ шығыны шаш-етектен жиын өткізуге ұзақ мерзімді мораторий жариялады. Президент сөзін жерде қалдырса, оңбайтынын жақсы түсінген шенеуніктер шетінен шығындарын азайта бастапты. Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл тек басы ғана. Алдағы уақытта 129 миллиард тағы екі есе ұлғаюы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.