{metadescription}
Қордай: Полицейлерге шатақ шығарғандар кінәсін толық мойындады
Қордай: Полицейлерге шатақ шығарғандар кінәсін толық мойындады

Қордай: Полицейлерге шатақ шығарғандар кінәсін толық мойындады

Қордайдағы қақтығысқа түрткі болған төбелестің қатысушылары қамауға алынды. Полицейлерге бағынбай шатақ шығарғандар кінәсін толық мойындаған. Бас прокуратураның мәліметінше, бұл қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданыпты.

Сортөбе ауылындағы тәртіп сақшылары мен бірнеше тұрғын арасындағы қақтығыс 7-ші ақпанда болған. Бүгін кикілжінің неден туындағаны айтылды. Құзырлы орынның хабарлауынша, полицейлер Воингуй есімді азаматтың көлігін тоқтатқан. Алайда «Хонда Одисейді» тақымдаған жігіттің өзімен бірге бірде-бір құжаты болмапты. Тәртіп сақшылары оған полиция бөлімшесіне жүруді міндеттеген. Ол бұйрыққа бағынбай үйіне қаша жөнелген. Полицейлер соңынан қуып жеткенде, үйінен екі бауыры шығып төбелес бастапты. Тәртіп сақшыларына жұдырық жұмсап, онымен қоймай оларды жерге аунатып, әбден қорлайды. Құзырлы орынның бұл дәрменсіз күйі елдің ашуын оятқан-ды.

Аталмыш оқиғаның соңы үлкен қақтығысқа ұласты. Қордай ауданының бірнеше ауылын шарпыған жанжалдың соңы тіпті атысқа ұласып, 11 адам ажал құшқан болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.