{metadescription}
СҚО ТЖД басшылардан қызметкерлерін үйіне ерте қайтаруын сұрайды 
СҚО ТЖД басшылардан қызметкерлерін үйіне ерте қайтаруын сұрайды 

СҚО ТЖД басшылардан қызметкерлерін үйіне ерте қайтаруын сұрайды 

Солтүстік Қазақстан облысында да аздаған жылымықтан кейін жел тұрып, жолдар жабылып жатыр.

Ұйытқыған боранның жылдамдығы кей жерлерде секундына 30 метрге дейін жетеді. Сондықтан республикалық жолдар жабылып, кей ауылдармен байланыс үзілген. Соңғы бір тәулікте қар құрсауында қалған 245 адам құтқарылыпты. Төтенше жағдайлар департаментінің ескертуін елемей жолға шыққандар ақтүтек боранда тұрып қалған. Оларға арнайы техникамен әрең жеткен құтқарушылар барлығын қауіпсіз жерге жеткізді. Ауа райын болжаушылар алдағы уақытта қарлы-боран қайталанады дейді. Сондықтан төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге ескерту жасап, түнде жолға шықпауды ұсынып отыр. Тіпті құтқарушылар мекеме басшыларына жұмыс уақытын қысқартып, қызметкерлерді ертерек үйіне қайтаруды сұрайды. Өйткені ауыл-аймақтағы тұрғындардың көбі күнделікті Петропавл қаласына қатынап жұмыс істейді екен.

Рамиль Камалов, СҚО ТЖД бастығы:

- Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін ойлап, жұмыс уақытын қысқартса дейміз. Өйткені бұрқасын салдарынан жолдар жабылды. Әсіресе түнде жүру өте қауіпті. Мәселен, Шахов ауылы маңында қар құрсауында қалған жеті көлік құтқарылды. Олардың барлығы облыс орталығынан жұмыстан қайтып келе жатқан.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде