{metadescription}
Денсаулығы сыр берген Болат Бақауов үй қамақта отыратын болды
Денсаулығы сыр берген Болат Бақауов үй қамақта отыратын болды

Денсаулығы сыр берген Болат Бақауов үй қамақта отыратын болды

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үй қамақта отыратын болды. Сотқа дейінгі бұлтартпау шарасын қайта қараған соты осындай шешім шығарды. 

Оған басты себеп – экс-шенеуніктің денсаулығы сыр берген. Оған қоса, екі ай мерзімге қамауға алу жөніндегі санкцияны өзгертуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушілері де сұрапты.

Айта кетейік, 49 жастағы Болат Бақауов «қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды» деген күдікпен осы жылдың 17 қаңтарында ұсталып,  екі айға тергеу изоляторына қамалған. Тергеу дерегіне сүйенсек, экс-әкімнің туысына тиесілі компания 200 млн теңге салық төлемей, міндетінен жалтарып, табысын жасырған.

Маржан Құрманғалиева, Павлодар облыстық соты баспасөз қызметінің маманы:

- Бұған дейін прокурор «Бақауов бостандықта жүріп қылмыстық іске қатысты тергеу процесіне кедергі келтірді» деген болатын. Қамауды үй қамаққа ауыстыру Болат Бақауовтың Павлодар облысы әкімі қызметінен босауына байланысты қабылданды. Қазір экс-әкімнің ықпалы аз, маңызды құжаттарды пайдаланып немесе өзгерте алмайды. Оған қоса, қамауда отырған Бақауовтың хәлі нашарлаған соң үй қамаққа шығарылып отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

03 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.