{metadescription}
Виктор Сороченко: Bek Air ұшағы апатының екі себебін айта аламын
Виктор Сороченко: Bek Air ұшағы апатының екі себебін айта аламын

Виктор Сороченко: Bek Air ұшағы апатының екі себебін айта аламын

Алматы маңында құлаған «Фоккер-100» ұшағы жерден алты метрге дейін көтеріліп, содан кейін төмен қарай ылдилаған. Бүгін «Бек Эйр» ұшағының апатқа ұшыраған сәті видео графикамен көрсетілді. Ал әуе кемесінің қайғылы жағдайға әкелуіне оның «қанаттарына қатқан мұз себеп болды» дейді тергеу комиссиясының өкілдері. Дәл осы оқиғаға байланысты соңғы жаңалықтармен елордалық әріптесіміз бөліседі.

Бүкіл елдің қабырғасын қайыстырған ұшақ апатының болғанына екі айға жуықтап қалды. Қолда бар мәліметтерді пайдаланып, ұшақтың құлаған сәтін визуализациялады.  

Бір жарым минуттық роликте әуе кемесінің биіктіктің қай деңгейге көтерілгені, жылдамдығы және қисайған сәті, қозғалтқыш жұмысының өлшемі нақты көрсетілген. Ұшақтың ұшуы штаттық режімде басталғанымен, бірер минуттан соң оның сол қанаты бес, оң қанаты он бес градусқа төмендейді. Қызыл дыбыс жанса да, ұшқыш әуеге көтермекші болады. Бірақ соңы қайғылы жағдаймен аяқталғаны белгілі. Мұндай оқиғалар авиация саласы тәжірибесінде кездесіпті.

Виктор Сороченко, Мемлекетаралық авиация комитетінің бас директоры:

- 2007 жылы Францияда осындай ұшақ апаты болған. Мемлекетаралық авиация комитетінің мамандары бұл апатты жан-жақты тексеріп, сараптама жасады. Франциядағы ұшақ апатына байланысты ел билігі бізге барлық мәліметті, ұшу параметрлерін ұсынды. Ал біз сол оқиға кезіндегі ұшу параметрлері мен өткен жылдың 27 желтоқсанында Алматыдағы ұшақ ұшуының параметрлерін салыстырып шықтық. Осы екі авиациялық оқиға параметрлерінің ұқсас екендігін айта аламын.

Сороченконың дерегінше, жалпы аэродинамикасы өте ұқсас болып келетін Fokker F28 және Fokker 100 ұшақтары 106 рет апатқа ұшыраған. Соның кемінде сегізінде ұшақ қанатына мұз қату себеп болыпты.

Виктор Сороченко, Мемлекетаралық авиация комитетінің бас директоры:

- Ұшақ апатының екі ғана себебін айта аламын: қанатының зақымдануы, бүлінуі, көтеру қабілетінің төмендеуі немесе мұз қату. Комиссия оқиға орын алғаннан кейін әуе кемесін қарап шығып, қанаттарының зақымданбағандығын анықтады. Сонда қалатын нұсқасы, ол ұшақ қанаттарына мұз қатқан.

Бүгін жарияланған видео мемлекетаралық авиация комитетінің техникалық зертханасында әзірленіпті.

Естеріңізге сала кетейік, апат 27 желтоқсан күні Алматы түбінде таңғы сағат жетіде болды. Bek Air әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытындағы Fokker 100 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар.

Екінші пилот ауруханадан шыққаннан кейін бір аптадан соң көз жұмды. Бүгінгі күні компанияның жұмысында біраз кемшіліктер айтылып, салғырттығы жарияланса да, тергеу амалдары әлі жүргізіліп жатыр. Оның қашан аяқталары белгісіз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.