{metadescription}
Қордай қақтығысы: Қарияға қол көтергендер құрықталды
Қордай қақтығысы: Қарияға қол көтергендер құрықталды

Қордай қақтығысы: Қарияға қол көтергендер құрықталды

Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90 қылмыстық іс қозғалған. Соның ішінде 11-і адам өлтіруге байланысты. Ал нақты қанша адам құрықталғаны жайында Ішкі істер министрлігі әзірге ақпарат бермей отыр.

Вице-министр Марат Қожаевтың айтуынша, қылмыстық істің саны артыпты. Бүгінде 100 шақты адамнан жауап алынған. Олардың әрқайсысының бұл іске қатысы бар-жоғы анықталады. Егер заң бұзушылық әрекеттері дәлелденсе, қылмыстық іс қозғалады. Ал нақты қанша адам ұсталып, қаншасы жауапқа тартылғаны хақында вице-министр кейінірек мәлімдеуге уәде етті. Негізі мұндай ауқымдағы істі толықтай тергеп-тексеруге екі айдай уақыт бөлінеді. Егер қажет болса, уақыт тағы да созылуы мүмкін.

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

- Тәртіпсіздіктерге ұласқан іс әрекеттерге барған азаматтар ұсталды. Үшеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілген. Сондай-ақ, қарияға қол көтергендер де құрықталды. Ал осы дауды ушықтырушыларға қатысты ақпаратты кейінірек береміз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде