{metadescription}
Ақтөбе балабақшасында 100-ге жуық бүлдіршін өрттен аман қалды
Ақтөбе балабақшасында 100-ге жуық бүлдіршін өрттен аман қалды

Ақтөбе балабақшасында 100-ге жуық бүлдіршін өрттен аман қалды

Ақтөбеде 100-ге жуық бүлдіршін көк түтінге уланып қала жаздады. Абырой болғанда балабақшада өрт шыққанын естіген құтқарушылар мен сол маңда кезекшілікте жүрген тәртіп сақшылары шұғыл жеткен.  

Таңғы астан соң ойнап отырған балалар да, тәрбиешілері де ғимаратты түтін алып кеткенде абыр-сабыр болады. Ересектер бөбектерге бірінің киімін біріне кигізіп есі шығыпты. Балабақшаға бірінші жеткен патрульдік полицейлер бүлдіршіндерді көтеріп, тоңып қалмас үшін көлікке отырғызған. Кейін сол жерге қос автобус әкелініп, балалар ата-анасы келгенше сонда күтті. Белгілі болғандай, балабақшаның бірінші қабатындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан ғимарат түтінге толған екен. Дереу далаға шығарылған балалар да, тәрбиешілер де дін аман.

Мейіржан Аманғали, полиция инспекторы:

- Көмекке жасақ шақырып, өз экипажымыз келді. Автобусты да алдырттық. Баларды киіндіріп шығаруға көмектестік. Балалар енді жылап жатыр. Тоқсан бала және 25 тәрбиешімен бірге жұмысшы болған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде